Жылумен жабдықтау қызметі бойынша 2026 жылға жоспарланған инвестициялық бағдарлама
2026–2030 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтері бойынша инвестициялық бағдарламаны әзірлеу кезінде жылу желілерінің проблемалық учаскелері, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен инженерлік желілердің тозу деңгейі қарастырылды.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты – тұтынушыларды сапалы қызметтермен белгіленген мерзімдерде үздіксіз және тұрақты қамтамасыз ету.
2026 жылға арналған инвестициялық бағдарламада келесі іс-шаралар жоспарланған:
- №1 орталық қазандықтағы КВГМ 10-150 маркалы №3 қазандықтың конвективтік бөлігін күрделі жөндеуі, жалпы құны – 10 756,89 мың теңге.
Өндірістік қажеттілікке байланысты 2026 жылға арналған инвестициялық бағдарламаға тиісті түзетулер енгізілетін болады. 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының соңына қарай №1 орталық қазандықтағы Z12000 маркалы қазандықтың конвективтік бөлігін күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты 2026 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны түзету аясында аталған жөндеу жұмыстарын орындау көзделген.
2026 жылдың I тоқсандағы жағдайы бойынша инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шаралар аясында материалдарды сатып алу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындық жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары жылыту маусымы аяқталғаннан кейін 2026 жылдың II тоқсанына жоспарланған.