Ағынды суларды қабылдау, тасымалдау және биологиялық тазарту.
Қандыағаш қаласының кәріз желілерінің жалпы ұзындығы — 68,082 км. Кәріз насос станцияларының жалпы саны — 13, оның ішінде 6-уы автономды режимде жұмыс істейді.
Биологиялық тазарту құрылыстары — 2 дана (1976 және 1989 жылы салынған), өнімділігі тәулігіне 3 000 м³ және 6 000 м³.
Ағынды сулар №3 және №5 кәріз насос станцияларынан (қаланың ескі бөлігі) қысымды су құбыры арқылы тазарту құрылыстары алаңына жеткізіледі.
Су бұру желілерінің ұзындығы — 7,2 км.