Қандыағаш қ., Тәуелсіздік даңғ., 7А ғимарат
kommunalshik2010@mail.ru
@kgp_kommunalshik_kandyagash
Кәсіпорын туралы

Кәсіпорын туралы

«Коммуналшы» КМК — Мұғалжар ауданының халқын жылумен, сумен және кәрізбен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорын.

«Коммуналшы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 2000 жылғы 04 қазандағы Ақтөбе облысы Әкімінің №148 шешіміне сәйкес құрылған.

Кәсіпорынның құрылтайшысы «Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады. Кәсіпорын мүлкіне қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің құқықтарын «Мұғалжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган – «Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Кәсіпорын қызметінің мәні

  • жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау
  • су шаруашылығы жүйесінің қызметтері
  • кәріз жүйесінің қызметтері

Кәсіпорын қызметінің мақсаты

Қандыағаш қаласы, Жем қаласы, Ақкемер, Ақсу, Ащысай, Елек, Басшилі, Бірлік, Бұлақты, Жағабұлақ, Жарық, Жаркемір, Жүрүн, Қайыңды, Қаракөл, Сағашилі және Талдысай елді мекендерінің тұрғындары мен кәсіпорындарына коммуналдық қызметтер көрсету.