29 May 2026
Сумен жабдықтау қызметі бойынша инвестициялық бағдарлама аясында Достық шағын ауданында су құбыры жаңартылуда
«Коммуналшы» КМК-ның 2026 жылға сумен жабдықтау қызметі бойынша жоспарланған инвестициялық бағдарламасы аясында Достық шағын мөлтек ауданында су құбырын күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Жоба бойынша ұзындығы 1000 метр болатын, диаметрі 63 мм ескі металл су құбыры заманауи полиэтилен құбырына ауыстырылады.
Аталған жұмыстар сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттырып, апаттық жағдайлардың алдын алуға және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


