«Коммуналшы» КМК мекемесі «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуда
«Коммуналшы» КМК мекемесі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала тазалығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау бағытында белсенді жұмыстар жүргізуде. Аталған акцияның басты мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және табиғатты аялауға шақыру.
Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері көшелерді, саябақтар мен аулаларды қоқыстан тазарту жұмыстарын ұйымдастырып, санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге атсалысты. Сонымен қатар, ағаш көшеттерін отырғызу, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары да жүргізілді.
«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, туған жердің тазалығына әр азаматтың үлес қосуына мүмкіндік беретін маңызды бастама. «Коммуналшы» КМК ұжымы алдағы уақытта да экологиялық шараларға белсенді қатысып, өңірдің көркеюіне өз үлесін қоса беред