Қандыағаш қ., Тәуелсіздік даңғ., 7А ғимарат
kommunalshik2010@mail.ru
@kgp_kommunalshik_kandyagash
16 October 2026

Пресс тур: инвестициялық міндеттемелерге және жөндеу жұмыстарының жоспарына сәйкес объектілерді таныстыру өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 15 қазанда инвестициялық міндеттемелерге және жөндеу жұмыстарының жоспарына сәйкес объектілерді таныстыру мақсатында «Коммуналшы» КМК-ның объектілерін аралай отырып, баспасөз турын өткізді.
«Коммуналшы» КМК жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен реттелетін табиғи монополия субъектісі болып табылады.
Бүгінгі күні Қандыағаш қаласында желілердің тозуы бойынша: сумен жабдықтау – 53,6%, су бұру – 64,1%, жылумен жабдықтау – 63,5% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда желілер тозуының төмендеуі орта есеппен 0,5-1% құрады.
Осыған байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның басым бағыты желілерді жаңғырту болып табылады.
«Коммуналшы» КМК үшін жалпы инвестициялық бағдарлама 2026-2030 жылдарға бекітілген, ал 2026 жылға реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 20,03 млн.теңге сомаға бекітілген, оның ішінде:

  • сумен жабдықтау бойынша 5,73 млн.теңге;
  • су бұру бойынша 3,55 млн.теңге;
  • жылумен жабдықтау бойынша 10,76 млн.теңге.
    Баспасөз туры барысында Қандыағаш қаласы бойынша келесі нысандар таныстырылды:
  • «№1 орталық қазандықта Z12000 маркалы қазандықтың конвективті бөлігін күрделі жөндеу»;
  • «Қандыағаш қ. Достық шағын ауданының су құбыры желісін күрделі жөндеу, металл құбырды ұзындығы 1000 м, диаметрі 63 мм полиэтилен құбырға ауыстыру»;
  • «№3 кәріз сорғы станциясының электрмен жабдықтау кабельдік желісін күрделі жөндеу және бекіту арматурасын ауыстыру».
    Бүгінгі таңда жалпы сомасы 20,66 млн.теңгені құрайтын барлық көзделген 4 іс-шара бойынша жұмыстар аяқталды, оның ішінде:
  • жылумен жабдықтау бойынша 11,14 млн.теңгені құрайтын 1 іс-шара;
  • сумен жабдықтау бойынша 5,94 млн.теңгені құрайтын 2 іс-шара;
  • су бұру бойынша 3,58 млн.теңгені құрайтын 1 іс-шара.
    Жыл қорытындысы бойынша Департамент бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына талдау жүргізеді.
    Инвестициялық бағдарламалардың бекітілген іс-шаралары орындалмаған жағдайда, Департамент тұтынушыларға келтірілген залалды қайтару мақсатында уақытша өтемдік тарифтерді бекітетін болады.

← Барлық жаңалықтар