Ақтөбе облысында «Коммуналшы» КМК-нің нысандары бойынша баспасөз туры өтеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен 2026 жылдың 15 қазанында «Коммуналшы» КМК-нің сумен жабдықтау, су бұру және жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу қызметтерінің нысандары бойынша баспасөз турын өткізу жоспарлануда.
Баспасөз туры 2026 жылдың 15 қазанында сағат 14:00-де Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Достық және Жаңақоныс шағынауданы мекенжайы бойынша өткізіледі.
Осыған байланысты, Департамент аталған іс-шараға облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың өкілдерін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді, тәуелсіз сарапшыларды, БАҚ және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Осы іс-шараны өткізу туралы толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7132) 55-73-38.