Су бұру қызметі бойынша 2026 жылғы инвестициялық бағдарлама
«Коммунальщик» ККМ-нің 2026 жылға арналған реттеліп көрсетілетін су бұру қызметі бойынша инвестициялық бағдарламасы шеңберінде №3 кәріздік сорғы станциясындағы электрмен жабдықтау кабель желісін күрделі жөндеу, сондай-ақ ысырмаларды ауыстыру жұмыстары орындалды.
Аталған іс-шараларды орындау №3 кәріздік сорғы станциясын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, ысырмалардың тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге, сондай-ақ авариялық жағдайлардың туындауын төмендетуге мүмкіндік береді.
Іс-шараларды іске асыру кәріздік сорғы станциясының үздіксіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етуге және су бұрудың технологиялық процесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Жүргізілген жұмыстар жабдықтардың пайдалану мерзімін ұзартуға, сондай-ақ жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізу ықтималдығын және олармен байланысты пайдалану шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді


