Қандыағаш қ., Тәуелсіздік даңғ., 7А ғимарат
kommunalshik2010@mail.ru
@kgp_kommunalshik_kandyagash
29 July 2026

«Коммуналшы» КМК 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы тыңдау

«Коммуналшы» КМК-ның 2026 жылдың І жартыжылдығына арналған жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы жөніндегі жария тыңдау өткізілді. 📊

Тыңдау барысында 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, инженерлік желілерді жаңғырту, коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру бағытында жүзеге асырылған іс-шаралар туралы ақпарат берілді. 🔧👍

Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп 💬, ұсыныс-пікірлері назарға алынды.

Кәсіпорын алдағы уақытта да тұрғындарды сапалы әрі тұрақты коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.

← Барлық жаңалықтар