Қандыағаш қ., Тәуелсіздік даңғ., 7А ғимарат
kommunalshik2010@mail.ru
@kgp_kommunalshik_kandyagash
22 July 2026

«Желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша өтініштерді қабылдау туралы ақпарат»

«Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Коммуналшы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген келесі өзгерістер туралы хабарлайды:

  1. Кәсіпорынның теңгеріміндегі сумен жабдықтау, су бұру және жылу энергиясы (жылумен жабдықтау) желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі (АЦС ГГК)gov.ggk.kz арқылы жүзеге асырылады.
  2. Желілерге технологиялық қосылуға арналған өтініштер тек электрондық форматта қабылданады.
  3. Желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарды беру мерзімі:
    1. техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – бес жұмыс күні ішінде;
    1. техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – он жұмыс күні ішінде.
  4. Желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар үш жыл мерзімге беріледі.
  5. Желілерге қосылуға өтініш беру үшін мынадай құжаттарды қоса ұсыну қажет:
    1. жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін – жеке куәліктің көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі);
    1. жер учаскесіне және жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттар (жерге мемлекеттік акт, сатып алу-сату шарты немесе объектіні пайдалануға қабылдау актісі);
    1. жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспорт (бар болған жағдайда);
    1. тәуліктік есептік тұтыну көлемдерін (шығындарын) көрсету.
  6. Егер абоненттің желілерге қосылуға өтінішті өз бетінше беру мүмкіндігі болмаса, ол кәсіпорынның өндірістік-техникалық бөліміне (ӨТБ) мына мекенжай бойынша жүгіне алады: Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 7 «А».

Өзіңізбен бірге жоғарыда көрсетілген құжаттар мен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілтін алып келу қажет.

Әкімшілік.

← Барлық жаңалықтар