Қандыағаш қ., Тәуелсіздік даңғ., 7А ғимарат
kommunalshik2010@mail.ru
@kgp_kommunalshik_kandyagash
12 March 2026

Су бұру қызметі бойынша 2026 жылға жоспарланған инвестициялық бағдарлама

2026–2030 жылдарға арналған су бұру қызметтері бойынша инвестициялық бағдарламаны әзірлеу кезінде кәріз желілерінің проблемалық учаскелері, технологиялық жабдықтардың және ысырма арматурасының тозу деңгейі қарастырылды.

Инвестициялық бағдарламаның негізгі міндеті – апатты және проблемалық кәріз желілерін уақытылы ауыстыру, сорғы жабдықтарын жаңарту, сондай-ақ ысырма арматурасын ауыстыру.

2026 жылға арналған инвестициялық бағдарламада келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. Байкунов көшесі бойынша ұзындығы 200 м, диаметрі 200 мм ПЭ құбырынан жасалған кәріз желісін күрделі жөндеу (ауыстыру).

2026 жылдың I тоқсандағы жағдайы бойынша инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шаралар аясында материалдарды сатып алу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындық жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 2026 жылдың II тоқсанының соңына жоспарланған.

← Барлық жаңалықтар