Қандыағаш қ., Тәуелсіздік даңғ., 7А ғимарат
kommunalshik2010@mail.ru
@kgp_kommunalshik_kandyagash
12 March 2026

Сумен жабдықтау қызметі бойынша 2026 жылға жоспарланған инвестициялық бағдарлама

2026–2030 жылдарға арналған сумен жабдықтау қызметі бойынша инвестициялық бағдарламаны әзірлеу кезінде су құбыры желілерінің проблемалық учаскелері, технологиялық жабдықтардың және ысырма арматурасының тозу деңгейі қарастырылды. Сонымен қатар өндірілетін судың химиялық құрамы мен коррозия әсері сумен жабдықтау жүйесіндегі материалдар мен жабдықтардың жағдайына елеулі әсерін тигізеді, оларды уақытылы жаңарту мен жаңғырту іс-шараларын жүргізуді талап етеді.

Инвестициялық бағдарламаның негізгі міндеті – апатты және проблемалық су құбыры желілерін уақтылы ауыстыру, сорғы жабдықтарын жаңарту, сондай-ақ тұтынушыларды сенімді әрі үздіксіз сумен қамтамасыз ету мақсатында ысырма арматурасын ауыстыру.

2026 жылға арналған инвестициялық бағдарламада келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. Қандыағаш қаласы «Царский городок» шағын ауданындағы су құбыры желісіне күрделі жөндеу жүргізу, ұзындығы 1000 м, диаметрі 63 мм металл құбырды ПЭ құбырына ауыстыру.
  2. Жалпы сомасы 5 729,14 мың теңгеге диаметрі 1500 мм болатын 10 су құбыры құдығын орнату (қолданыстағыларын ауыстыру).

2026 жылдың I тоқсандағы жағдайы бойынша инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шаралар аясында материалдарды сатып алу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындық жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 2026 жылдың II тоқсанының басына жоспарланған.

← Барлық жаңалықтар